#qyzylordatv
Өңірдің даму көрсеткіші артып келеді. Былтыр инфрақұрылым жаңарып, жаңа әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Қала іргесіндегі Белкөл кентінде де көшелерді жөндеу және кәсіпкерлікті дамыту секілді жұмыстар кеңінен қолдау тапты.
Халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету маңызды. Бұл ретте Белкөл кенті толықтай таза ауыз сумен және электр энергиясымен қамтылған. Былтыр 8 көше асфальтталып, жолдар тақтайдай тегіс болып қалды. Газдандыру жұмыстары жалғасуда.
ЖАСҰЛАН СӘДУ – БЕЛКӨЛ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ
2025 жылы жалпы бюджет 322 млн теңге болатын болса, жыл қорытындысымен 100 пайызға игерілді.Белкөл кентіндегі білім саласына,денсаулық саласына және мәдениет саласына келетін болсақ қазіргі таңда 2 мектеп жұмыс жасайды 2 ауысымда 879 оқушы білім алады. Былтырғы жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға бала саны өскен. Кент бойынша бір мемлекеттік балабақша жұмыс жасайды. Ол жұмыспен қамтудың 20-20 бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткізілген. Электр желісіне келетін болсақ қазір бізде Белкөл кентіне қарасты Бірқазан елді мекені толықтай жаңадан электр желісі жүргізілді. Ендігі кезекте Белкөл кентіндегі электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттар әзірленуде.
Кентте кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Тұрғындар мемлекеттің қолдауымен өз ісін бастап, ішкі нарыққа өнім шығаруда. Солардың бірі – ағаш шебері Ақбүркіт Жауынғаров. Ұлттық аспап жасайтын шебер кәсібін 8 жыл бұрын бастаған.
АҚБҮРКІТ ЖАУЫНҒАРОВ – АҒАШ ШЕБЕРІ
2022-де осы кәсіпті аштым және де мемлекеттен әрине көмек болды. 2024-те «Бір ауыл, Бір өнім» деген жобаға қатысып жүлде алып осы әкімшіліктен қайтарымсыз өзіме грант ұтып алғанмын. Сол грантпен осы кәсібімді жалғастырып келе жатырмын. Бізде домбыра жасау екіге бөлінеді. Біреуі сапаға және санға. Біз тек Қызылорда ғана сатпаймыз, Бүкіл Қазақстанға жіберіп жатырмыз. Мен өзім ғана жұмыс жасап жатқаннан кейін осы шеберханада болашақта үлкейткім, кеңейткім келеді және де бір мақсатым – Өнер мектебін ашқым келеді қосымша.
ИБНМАХСУТ РАХМЕТОВ, ТІЛШІ
Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра. Бұл шеберханада осы кезге дейін 10 мыңнан астам ұлттық аспап жасалыпты. Ал мұндай домбыраны жасауға шебер қараағашты қолданады. Сонда аспаптың үні қоңыр әрі нақ шығады екен.
Белкөлде Ақбүркіт сияқты кәсіпкерлер көп. Бірі сүт өнімдерін сатады, енді бірі киім тігіп, үйде жиһаз жасайды.
ЖАСҰЛАН СӘДУ – БЕЛКӨЛ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ
//Кентімізде жалпы 464 шағын кәсіпкерлік субьектісі жұмыс жасауда 2025 жылы 12 айдың қорытындысы бойынша жаңадан 145 кәсіпкерлік субьектісі тіркеліп 160 тұрақты жұмыс орны ашылды. Қазіргі таңда өзінің кәсіптерін бастауда. Осы бағытта біз 3 жылдың өзінде тұрғындарымыз жақсы дәрежелерге жетуде. Сондай-ақ өрлеу бағдарламасы арқылы 2 кәсіпкеріміз 441 млн теңгеге несиелендірілді. Сырдария кәсіпкерлік бойынша 1 кәсіпкеріміз 10 млн теңге және де инновациялық грантқа ол дегеніміз «Бір ауыл - бір жоба» аясында 1 кәсіпкеріміз 5 млн теңгеге грантқа ие болды. 2025 жылы 25 кәсіпкеріміз барлығы 1 млрд 196 млн теңгеге қол жеткізді.//
Кентте өз ісін бастаған тұрғындар ауылда тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз етуге де үлес қосып келеді.