#qyzylordatv

Қара теңізде Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлерге жасалған шабуылға байланысты Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. Ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, 13 қаңтарда Қара теңіз акваториясында Каспий құбыры консорциумының теңіз терминалына бет алған танкерлер ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшыраған.

Осыған байланысты Қазақстан тарапы Еуропа елдерінің елшілерімен, сондай-ақ АҚШ және өзге де серіктестермен шұғыл байланысқа шықты. Министрлік Қазақстанның ешбір қарулы қақтығысқа қатысушы емес екенін және жаһандық әрі еуропалық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. Барлық танкер халықаралық талаптарға сай тиесілі жабдықтармен қамтамасыз етілген.

 ӘСЕЛ СЕРІКПАЕВА - ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ, МИНИСТРЛІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

 Мальта туымен жүрген Матильда танкері «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының қосалқы ұйымы арқылы жалға алынған және ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылына ұшырағаны расталды. Кемеде жарылыс тіркелгенімен өрт шықпаған. Либерия туымен жүрген дельта хармани танкері де жүктеу жұмыстарына дайындық кезінде ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырағаны расталды. Салдарынан өрт шығып жедел сөндірілген. Экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ