#qyzylordatv
Өңірімізде өнімдер қауіпсіздігіне жүргізілген бақылау нәтижесінде құны млн теңгеден асатын бірқатар тауар түрі сатылымнан алынып тасталды. Оның ішінде сұраныстағы шәйлар мен балалар ойыншықтары бар. Сонымен біз қандай тауарды тұтынып жүрміз? Жұқпалы аурулар бойынша эпидахуал қалай? Тілшіміз Айдана Жұмадинова тарқатып айтады.
Облыс бойынша былтыр 100 сауда нысанына бақылау жүргізіліп, талапқа сәйкес келмеген 818 келі өнім сатылымнан алынып тасталды. Соның ішінде құрамында тыйым салынған заттар: «сары күн бату» және «тартразин» бояғыштары анықталған 70 келі шай өнімі бар. Осылайша халық «керемет шығады» деп тамсанып жүрген шайлар қып-қызыл бояу болып шықты. Осыған байланысты, елімізде келесі қара шай атауларының әкелінуі мен сатылуына тыйым салынды.
АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ
Балалар ойыншықтарына да мониорингтік бақылау жүргізілді. Қытай, Өзбекстан мемлекеттерінде өндірілген кейбір балалар ойыншықтары физикалық факторлары және қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша талапқа сәйкес келмеді. Яғни ойыншықтардың беті тегіс емес, кедір-бұдырлы және үшкір. Бұл баланы жарақаттауы мүмкін. Техникалық регламент талаптарына сай келмеген 120 ойыншық сатылымнан алынды
ГҮЛМИРА СЫЗДЫҚОВА – ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ Атап айтқанда, микробиологиялық көрсеткіш бойынша – 4, физикалық-химиялық көрсеткіш бойынша – 11, таңбалануы бойынша – 247 және физикалық факторлар бойынша – 4 сәйкессіздік анықталды
АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ
Өткен жылы сауда орындарынан 1 766 өнімнің сынамасы сатып алынып, зерделеу жұмыстары жүргізілген. Басым үлесі 69,7% – тағам өнімдері және 30,3% – тамақ емес өнімдер. Жүргізілген сараптамалардың нәтижесінде 317 үлгі техникалық регламент талаптарына сай келмейтіндігі анықталған.
Жалпы аймақта эпидахуал тұрақты. Қаңтар айында тұмау тіркелмепті. Жіті респираторлық инфекциялар бойынша науқастанғандар бар. Қызылша бойынша да тіркелуде, бірақ өткен жылдармен салыстырғанда едәуір төмен дейді мамандар.
ГҮЛМИРА СЫЗДЫҚОВА – ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ Бізде тіркеуге алынатын барлығы 102 жұқпалы ауру түрі бар. Назалогиялар. Соның ішінде 52 түрі нозология бойынша 2025 жылы мүлдем тіркелген жоқ. Яғни 2024 жылмен салыстырылғанда 25 жұқпалы аурулардың түрлері азаю тенденциясы білініп отыр. Бұл ретте профилактикалық екпелермен айрықша маңызын атап өту керек. Егу шараларының нәтижесінде 2024 жылмен салысытырғанда көкжөтел 37,6 есеге, қызылша 4,6 есеге, жедел-вирусты гепатиттер 2,7 есеге, жіті-ішек инфекциялары 10 жағдайға, дерматамикоз 46,5 пайызға, интербиоз 21,5, желшешек 14,5 пайызға төмендеп отыр. 23 назология бойынша сырқаттанушылық 2024 жылмен салыстырғанда өсу тенденциясы байқалды.
Айта кетейік, былтыр балабақша мен мектептерде, колледждерде жаңа Тамақтану стандарты іске қосылды. Басты өзгерістер – тұз мөлшері 5 есеге, қант мөлшері 3,6 есеге азайтылды, көкөністер, жемістер және сүт өнімдерінің үлесі артты, шұжық өнімдері, ысталған тағамдар мәзірден алынып тасталды, тәтті сусындар орнына су, сүт, сүтқышқылды өнімдер мен компоттар ұсынылуда. Олардың сапасы да мамандардың тұрақты бақылауында.