#qyzylordatv

Қазақстанның Аэроғарыш комитеті 2026 жылды «Байқоңырға баратын жыл» деп жариялады. Осылайша биыл аңызға айналған ғарыш айлағы тек кәсіби мамандарға ғана емес, өзге де келушілерге есігін айқара ашады.

Ғарышқа зымыран ұшқан сәтті өз көзімен көру – әлем бойынша миллиондаған адамның арманы. Енді бұл мақсаттың орныдалуына жол ашылды. Жайлылықпен қатар қолжетімді бағаның болуы да ескерілген.

Ғарыштық туризмнің визит-орталығы Төретам кентінде орналасады. Мұнда саяхат туралы ақпаратпен танысуға, кәдесыйлар сатып алуға немесе жай ғана демалып, кофе ішуге болады. Бұл орталық – туристер, мектеп және шетелдік делегациялар үшін бірыңғай терезе. Яғни, билеттерді рәсімдеу, маршруттар, экскурсияларды ұйымдастыру және қауіпсіздік – барлығы бір жерде қамтылған. Ал қазақстандықтар үшін жеңілдіктер қарастырылған.

Сонымен қатар, мұнда қонақтар мамандардың кәсіби шеберлігінің арқасында табақшада ұсынылатын таңғажайып ғарыштық атмосфераны сезіне алады.

ЕЛЕНА КОГАЙ - ІШКІ ТУРИЗМ ТУРОПЕРАТОРЫ

Жалпы, биыл ғарыш айлағы мен Байқоңыр қаласына 3 мыңнан астам адам келеді деп жоспарлап отырмыз. Мен осы салада 4 жыл жұмыс істедім және әр шығарылым сайын туристер саны артып келе жатқанын байқаймын. Бірақ біздің бақылау пункті аз адамға арналғандықтан, келушілер саны бойынша шектеу бар. Қазір біз Роскосмоспен келісім жасадық және ресейлік стартқа баруды ұсына аламыз. Ең бастысы, биыл біз "Сұңқар" деп атайтын қазақстандық "Союз-5" зымыранының қалай ұшатынын көруді жоспарлап отырмыз...

 "Түркістан" газетіне берген сұхбатында Президент әлемде туристер үшін күрес жүріп жатқанын және табыс инфрақұрылым мен кәсіби кадрларға байланысты екенін атап өтті. Бүгінде Сыр елінде де туризмді дамыту жұмыстары қарқын алуда.