#qyzylordatv
Құрылтай қазақтың жадынан өшпеген, тарихтың тереңінен жеткен қасиетті ұғым. Ол ел басына күн туған шақта, жер тағдыры таразыға түскенде, жұрттың жадын бір арнаға тоғыстырған ұлы кеңес. Қазір уақыт басқа, талап басқа. Бірақ мәселе сол — ел болу. Құрылтайдың қадірі — көптің сөзін тыңдауда. Президент пәрменімен бекіген Сыр өңірінде өтетін бесінші құрылтайдың өтуіне бес күн қалды. Тарихи сабақтастықтың жаңғырығына айналған ұлы кеңестен көптің күтері мол.