#qyzylordatv
Жаңа жылдан бастап Д және Е санатындағы азаматтарға МӘМС жарналары жергілікті бюджет есебінен төленеді. Яғни, әлеуметтік жағдайы төмен және жұмыс істемейтін тұрғындарға «сақтандырылған» мәртебесі беріледі. Тағы бір жаңалық, әлеуметтік маңызы бар ауру тобына жататын науқастар сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін тексеріле алады.
Бүгінде облыста 818 мыңнан астам тұрғын болса, олардың 134 мыңы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелмеген. Тегін медициналық қызметке қол жеткізе алмай отыр. Осы мәселеге байланысты биылдан бастап Д және Е санатына жататын яғни, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға жергілікті бюджет есебінен жарна төленеді.
ЖАҚСЫЛЫҚ АБДУСАМЕТОВ, «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» ОБЛЫС БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ \Біздің облыста 134 мың сақтандырылмаған азаматтың ішінде дағдарысты және шұғыл жағдайдағы азаматтардың саны 5 мыңнын көлемінде. Д санатындағы 3,5 мың, Е санатындағы азаматтар 1500 дей. Әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін жарна медицина ұйымына көмекке жүгінген уақытынан бастап жыл көлемінде төленетін болады. Азамтатар тарапынан қосымша құжаттар дайныдау қажет етпейді\
Сондай-ақ тұрақты жарна төлеп жүрген азаматтар жұмыстан шығып қалған жағдайда сақтандыру мерзімі 3 айдан алты 6 дейін ұзартылды. Тағы бір жаңалық, 11 әлеуметтік маңызы бар ауру түрлеріне тексерілу қолжетімді болды.
МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар ақылы медициналық қызметке жүгінуге мәжбүр. Сондықтан мемлекет тарапынан жұмыссыз және жағдайы төмен тұрғындарға барынша қолдау көрсетілуде.
АЙЖАН ӨТЕПБЕРГЕН, ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІГЕР \біздің емханада 16 адам гемодиализ қабылдайды. Егер олар МӘМС жүйесі бойынша сақтандырылмаған жағдайда ақылы көмек көрсетілетін болса жылына 5 млн ға дейін қаржы қалтасынан кетеді. Науқас сақтандырылған жағдайда көмек көрсету мүмкіншілігі өте тиімді болып табылады...\
№4 қалалық емханада қазір 41 мыңнан астам тұрғын тіркелген. Олардың алты мыңға жуығы сақтандырылмаған. Бірінші қаңтардан бастап солардың ішінде Д және Е санатындағы азаматтарға жергілікті бюджет есебінен жарна төленуде.