#qyzylordatv

Шиелі ауданында құқық бұзушылық профилактикасы бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиында аудан прокуроры қылмыстың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарды саралап, қордаланған мәселелерді ашық айтты. Әсіресе, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың себебі мен салдары қатты алаңдатып отыр.

 Шиелі ауданында 1 кент және 22 ауылдық округ бар. Былтыр солардың 90 пайызында түрлі қылмыс орын алған. Ең жиі кездесетіні – ұрлық, тонау, бұзақылық. Кісі өлтіру, зорлау сияқты ауыр қылмыстар да тіркелген.

 ҒАНИБЕК САҒАТОВ – АУДАН ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Аса алаңдататын жәйт ауданда 2025 жылы орын алған адам өлтіру – 2 дерегі, оған оқталу – 1 дерегі және кәмелет жасына толмағанның жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы - 1 қылмыстар орын алса, оқиға масаң күйде жасалғаны анықталды. Мысалы, 12 қараша 2025ж. Шиелі кентінің тұрғыны алкогольді масаң күйде жүріп, далада ойнап жүрген жас баланы өз үйіне алдап кіргізіп, жатын бөлмесінде күш қолданып, зорлап, жыныстық қатынасқа түсу қылмыстық әрекетін жасаған. Бұл қылмыстар құқық қорғау органының жұмысына қатысты қоғам арасында теріс пікір туғызған. Себебі, аталған аймақтарға жауапты учаскелік полиция инспекторы тарапынан өзіне бекітілген аймақта құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында қоғамдық орындарда араққұмарлыққа салынып, аудандық емханада наркологиялық есепте тұратын тұлғаға қатысты тиісті шара жүргізілмегеннің салдарынан, аса ауыр қылмыстар орын алған.

 Ал, Алмалының экс-әкімі жұмыс уақытында ішімдік ішіп, мас күйінде көлік тізгіндеген. Жалпы былтыр аудан бойынша 163 қылмыс тіркелген. Сондықтан профилактикалық шараларды күшейту керек, дейді аудан прокуроры.

 МЕЙРАМБЕК МАХАНБЕТЖАНОВ – АУДАН ПРОКУРОРЫ //облыстық прокуратураның бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қылмыссыз өңір – кемел келешек» жобасы, «Зорлық-зомбылыққа жол», «Нашақорлыққа жол жоқ» және тағыда басқа жобалар төңірегінде осы жерде бір жобаны атап өту керек «Адал бала» платформасы. // жоба барлық білім беру ұйымдарында қосымшасы қолданысқа еңгізілді. Барлық балаларға қол жетімді. Бұл жобаныңы басты мақсаты қандайда бір қауіп төңген жағдайда, қандай да бір құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда дереу тиісті органдарға хабарлау мүмкіндіктері қарастырылыған.

Прокурордың айтуынша, ауданда есепке алынған жасөспірімдері бақылау, түсіндірме жұмыстарын жүргізу жағы әлі де ақсап тұр. Сондықтан бұл жұмыстарды ширата түсу маңызды.