#qyzylordatv

Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бесінші отырысы өтті.

 Президент өкімімен құрылған кеңестің алғашқы жиыны Қазан айында мемлекет басшысының қатысуымен өткен. Мамандар жарты жылдан бері ауқымды құрылымдық өзгерісті жан жақты талқылап жатыр. e-Otinish және eGov платформалары арқылы халық арасынан, сарапшылар қауымдастығынан және қоғамдық бірлестіктерден 600-ге жуық ұсыныс жинақталған.

  НАТАЛЬЯ ПАН, ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

/аударма/ Өткен жылдың қазан айынан бастап E-Otinish сервисіне азаматтық қоғам институттарынан және ғылыми мекемелерден көптеген ұсыныстар түсе бастады. Өз ұсыныстарын жолдағандардлың қатарында «Байтақ» партиясы, «Жаңару» республикалық адвокаттар алқасы, «TOQTAMYS» адвокаттар қауымдастығы, Қазақстан татарлары мен башқұрттарының конгресінен, Экономикалық саясат институтынан және басқа да қоғамдық ұйымдардан келіп түсті. Бұдан бөлек, ұсыныстарды қалыптастыруға ғалым-құқықтанушылар, сарапшылар белсенді түрде қатысып, өздерінің сараптамалық ұсынымдарын жолдады. ))

 Жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев Парламенттің Үкіметті, Конституциялық Сотты, Жоғары аудиторлық палатаны, Орталық сайлау комиссиясын және басқа да мемлекеттік органдарды қалыптастыруға қатысудағы конституциялық рәсімдерінің жалпы тәсілдері туралы айтты. Жұмыс тобының мүшелері Азат Перуашев, Марат Шибұтов, Елнұр Бейсенбаев, Үнзила Шапақ, Марат Бәшімов, Индира Әубәкірова және өзге де мүшелері өз идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды.