#qyzylordatv
Ал, Ұлттық құрылтай мүшесі, Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан Сыр өңірінде Президенттің қатысуымен болатын тарихи жиында ең маңызды мәселенің бірі - Парламенттік реформаға қатысты болмақ дейді. Яғни, қоспалаталы парламенттен бір палаталы жүйеге көшу – уақыт талабы. Сондай-ақ құрылтайдың төрінде елдің дамуы, ұрпақ тәрбиесі, ұлт руханиятын қолдау бағытында алда атқарылатын жұмыстар сараланбақ.
ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАН – ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ \қоспалаты парламентті бірпалаталығы өзгерту бағытында ұсыныстар, талап тілектер қоғамның елдің, тиісті органдардың барлығы жинақталды. Енді ертең құрылтайда мемлекет басшысы өзінің бір шешімін айтады. Одан бөлек тәуелсіздікті қалай сақтаймыз, жалпы рухани тұрғыдан азбау, тозбау бағытында үлкен дүние айтылады деген үлкен үмітпен алты Алаш күтіп отыр. Осыдан тура 1 ғасыр бұрын Жалау Мыңбаев үкіметті басқарып тұрған кезде Ақмешіт астана болған кезде құрылтай өткен осы жерде. Араға бір ғасыр салып құрылтай өтіп жатыр. Сондықтан өңірге қатысты да тиісті шешімдер, жаңа тұжырымдар болады деген үміттеміз\