#qyzylordatv
Бүгін ел тарихындағы айтулы күн. Сыр өңірінде Ұлттық құрылтай секцияларының отырысы өтіп жатыр. Барлық өңірлерден жиынға 100-ден аса құрылтай мүшелері қатысуда. Ел дамуының өзекті мәселелері талқыланатын алқалы жиын екі күнге жалғасады. Құрылтайдың алғашқы күні төрт панельдік секция аясында отырыстар жоспарланған. Атап айтқанда, әлеуметтік-мәдени даму секциясын Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жүргізсе, білім және ғылым мәселелеріне арналған секцияға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жетекшілік етуде.
Аталған жиында қандай мәселелер көтерілді - бұл туралы сол ортада жүрген әріптесім Айнұр Тұңғышбаева айтып берсін.