#qyzylordatv

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аналитикалық қабілеттері жоғары және тың тәсілдерді меңгерген мамандардың жаңа толқынын даярлаудың маңызды екенін үнемі айтып келеді. Осы орайда ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары оқу орындары мен колледждерде кадр даярлау жүйесі жаңартылатынын мәлімдеді. Осы мақсатта елімізде бірқатар жобалар жүзеге асып жатқанын айтты.

 САЯСАТ НҰРБЕК - ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ // Біріншіден біз былтырдан бастап «АйСана» деген үлкен бағдарламаны жүзеге асырып келе жатырмыз. 1 жылдың өзінде 668 мың студентімізді оқтып алдық. Өте көлемді бағдарлама. Енді міндетті түрде бүкіл студенттер осы бағдарламаның аясында жасанды инттелекті курстарын алады. Бұл ең мықты курстар. // Биыл ақпанда бағдарламаның екінші этапы басталды. 100 мың баланы айқындап, тереңдетілген жасанды инттелекті алгоритмдерін үйретеміз. Сондықан мамандар болады. Және де 40 жуық мықты университеттерді әкелдік. Соның 12-сінің негізінде жасанды инттелекті курстары оқытылып жатыр. Ең мықты оқытушыларды шақырдық. // сондықтан оқытушыларды сырттан да, іштенде дайындап жатырмыз. Болады.