#qyzylordatv

Сонымен Ұлттық құрылтайдың маңызы неде? Оның ұтымды тұсы қайсы? Ұлтық құрылтай мүшесі, Қазақстанның еңбек ері, физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаев арнамызға берген сұхбатында осы сауалдарға жауап берді.

АСҚАР ЖҰМАДІЛДАЕВ – КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМ-МАТЕМАТИК, АКАДЕМИК //Байқасаңыздар құрылтайлардың барлығы бұрынғы астана болған жерлерді аралап келе жатыр. Кезек Қызылордаға да келді. Өйткені, Орынбордан Қызылордаға астана болып көшкен. Қызылордада қазақ «қазақ» деген атын алған. Сол себепті құрылтайдың астанаға келуі өте заңды. Құрылтай деген не? Оның заңды статусына келсек Парламент емес. Бұл жерде халықтың пікірі деген секілді ғой. Менің айтып жүргенім қазақтың технологиясы даму керек. Ол қазақтың тілімен бірге дамыту керек. Үш нәрсе бар: ғылым, университет және өндіріс. Осы үшеуінің басын біріктіруіміз қажет. Сәтбаевтың кезінде 46-шы жылы академия құрылды. 2003 жылы жабылып қалды. Сәтбаевтың кезінде орасан зор тірлік болды. Сол кезде неше түрлі пайдалы қазбалардың барлығы сол кезде ашылды. Қазақстанның бюджетіне ақша құйып жатқандар сол кезде ашылған мұнай, газ, алтын, мыс соның бәрі. Ал өкінішке орай неше түрлі себептерге байланысты жабылып қалған. Біз соны қайтадан жандандырып жатырмыз. Бұрынғы институттарды қайтып аламын деген болмайды ол бос сөз. Біз жаңа типті институт құра аламыз. Міне, осылай жаңа бағыт жасап, бүгінгі заман талабына сай жұмыс істеуге тырысады.//