#qyzylordatv

Ұлттық құрылтайдың алғашқы жұмыс күні төрт бағыт бойынша елдік мәселелер көтеріліп, секция отырыстарында жаңа бастамалар айтылды. Айтылған әрбір ұсыныс назардан тыс қалмайды. Әлеуметтік, экономикалық және азаматтық қоғам бағытындағы бастамалар тиісті органдарға жолданып, нақты шешімдерге ұласады. Сарапшылардың айтуынша, Ұлттық құрылтай - қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылап қана қоймай, нақты шешу жолдарын ұсынатын ықпалды алаңға айналды. «Бүгінгі құрылтай өзгерістер мен батыл қадамдарға бастайтын жиын болмақ». Бұл ұлттық құрылтай мүшелерінің ортақ ойы.

 ЕРМҰРАТ БӘПИ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ

//Бурабайдың құрылтайында 10 заң қабылданды. 70-ке жуық іс-жоспар жасалды. Одан кейін ең бастысы ішкі саясат қағидаттары жөніндегі, өңірлерді дамыту жөніндегі концептуалды құжаттар қабылданды//

 ИСЛАМ БАЙРАМУКОВ - «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПОРТ КОЛЛЕДЖІ» РМҚК ДИРЕКТОРЫ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ

//Осы ипподром мәселесін көтерген мен болатынмын. Одан кейін лудомания мәселесін Түркістанда көтердім. Бүгін осы жерде қазіргі қосымша дейді - интерфейс, уордфейс деген. Соның мәселесін көтердім. Қаншалықты заңды түрде енгізіліп жатқанын көтердім. Осы Ұлттық құрылтай диалогтық алаң деп шын мәнінде атын ақтайды//