#qyzylordatv
Дәл қазір Сыр төрінде Ұлттық құрылтайдың 5-ші отырысы өтіп жатыр. Қоғам мен билік диалогының алтын арқауына айналған жиында көкейкесті деген бірнеше мәселе көтерілді. Панельдік секцияларда 200-ге жуық ұсыныс тыңдалды. Бүгінгі алқалы отырыста 5 құрылтай мүшесі өзекті деген хабарламаларын ортаға салды. Маңызы бөлек жиында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының Әлеуметтік-мәдени, экономикалық-рухани жағдайына тоқталды, аймақтың дамуына оң бағасын берді. Құрылтай отырысынан бізбен байланысқа тілшіміз шыққалы тұр, Айнұр, сөз кезегі өзіңізде...