#qyzylordatv

Ұлттық құрылтай мүшелері қаладағы бірқатар мәдени-әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Олардың қатарында балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы мен сол жағалауда бой көтерген облыстық тарихи-өлкетану музейі бар.

 Құрылтай қонақтары Сыр өңірінің даму қарқынын тілге тиек етіп, шаһардың шырайын келтіріп тұрған зәулім ғимараттардың көптеп салынуына оң бағасын берді.

МАҚСЫМ ІЗБАСОВ – МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ // Үлкен өзгеріске қанықтық. Қала таза екен. Әдемі екен. Көптеген құрылыстар салынып жатыр екен. Оның ішінде тарихи-өлкетану музейі ерекше әсер қалдырды. Сыр жұлдыздары шығрамашылық орталығы да жастардың құштарлығын оятады. Өте керемет.//

ӘСКЕР ПИРИЕВ – «АХЫСКА» ТҮРІК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ ҚБ ТӨРАҒАСЫ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ //05:09 Қызылорда қаласына келуім алғаш емес. Соңғы үш-төрт жылда көбірек келіп жүрмін. Сонда осы қаланың жаңарып, жасарып келе жатқанын көріп отырмыз. Өте көп оңды жаңалықтар болып жатыр. Қалаға тән ерекшелік әрдайым таза болуы...//

СВЕТҚАЛИ НҰРЖАН – АҚЫН, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙу МҮШЕСІ //Сондай ақ кешегі Орынбордан ауысып астана болған ордамыз. Мына жақта Жанкент, мына жақта Сығанақ тұрғанда ортада Ақмешіт Қызылорда. Бұл шынында біздің тағдыр талқымыздың бәрінде осы бар болу мен жоқ болудың арасында небір өтпелі кезеңдердің бәрінде біздің тағдыр шешті жиындарымыз, небір құлжабас марқасқалар бас қосқан орда. Біздің Қазақстан бойынша Астана өз алдына екі қала күрт даму өзгеру үстінде.Біреуі осы Қызылорда, біреуі менің Ақтау қаласы.Енді жаңағы Астананың сол жағы оң жағы дейтін едік, енді Қызылорданың да сол жағы оң жағы дейтін болдық.//