#qyzylordatv
Облыс орталығында өтіп жатқан бесінші Ұлттық құрылтайдың секция отырысында Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев Өңірлік ғылымның өркендеуіне қатысты тың жаңалықпен бөлісті. Айтуынша, алдағы уақытта ғылым және технологиялар жөніндегі өңірлік кеңес құрылады.
АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ – ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ
Мемлекет басшысы алдымызға мақсат қойған. Өкінішке орай, ғылымға бөлінетін қаржының 71 проценті, ғалымдардың 61 проценті екі қалада шоғырланған.Алматы мен Астанада. Өңірлік ғылым дамымаған. Осыған байланысты заңға өзгеріс енгізілді. Бюджеттік кодекске өзгеріс енгізілді.Әкімдердің қолдарында қазір арнайы қаржы бағыт бар. Сондай спецификасы бар. Осыған байланысы бұрын қаржыландырылмаған өңірлік ғылымды әкімдердің өзі ақша бөліп, конкурс арқылы қаржыландыратын болады.Енді әкімдердің жанында кеңес құрылады.Арнайы ғылым және технологиялар кеңесі.Былтыр10 өңірге барып, көшпелі отырыстарымызды өткіздік. Академиктер кабинеттерінен шығып, ғалымдар сол өңірлерге барды менімен бірге.Сөйтіп біз әкімдерге көмек ретінде әдістемелік инструкция дайындап отырмыз.Осы жұмысты қазір бастап кеттік.Егер де өңірлік ғылым дамитын болса, онда өңір дамиды. //