#qyzylordatv

Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы жергілікті халықтың еңбекқорлығы мен ұйымшылдығын атап өтті. Сыр елі жұртшылығының бойынан туған жерге деген сүйіспеншілікті, қамқорлық пен жанашырлықты, нағыз отаншылдықты көретінін жеткізді. «Президенттің бұл құрметі бәрімізге үлкен міндет пен жауапкершілікті жүктейді» - дейді қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев. Атп өтетін жәйт, Ұлттық құрылтайда Ибадулла Дүйсенбайұлы «Парасат» орденімен наградталған болатын.

 ИБАДУЛЛА ҚҰТТЫҚОЖАЕВ – ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ, «ПАРАСАТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ //Бұл бүгінде қарыштап дамып, басқа өңірлерге үлгі болып жатқан Қызылорда облысының халқына деген Мемлекет басшысының көрсеткен құрметі деп білеміз. Өз сөзінде Мемлекет басшысы «Сыр өңірі бүгінде заман талабына сай қарқынды дамып, өсуде деді және Сыр жұртшылығына ризамын. Олар өзінің жеріне деген сүйіспеншілігі, Отаншылдығы жоғары» деп атап өтті. Және де осындай марапатқа ие болуға себепкер болған аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлына өз ризашылығымызды білдіреміз. Бүгінде Сыр өңірінің қарқынды дамуы, салынып жатқан құрылыстардың сапасының заман талабына сай болуы шын мәнінде көпшіліктің көңілінде қуаныш сезімін ұялатуда. Бұл енді бәрімізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Алдағы уақыттарда елдің азаматтары қай жерде жүрсе де өзінің жеріне, еліне деген жанашырлығын танытып, адал еңбек етіп, Әділетті Қазақстанды құруға өзіндік үлестерін қоса береді деген ойдамыз.//