#qyzylordatv #заңментәртіп
Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемеде «Сен өз отбасыңа қажетсің» атты қысқаметражды фильмнің көрсетілімі өтті. Әлеуметтік бейнеролик облыстық прокуратураның бастамасымен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында түсірілген. Туынды жазасын өтеушілерді қайта әлеуметтендіру тақырыбына арналды.
Бұл жыр жолдарының авторы – Асылбек Нұрданов. Жазасын өтеп жатқанына сегіз жарым жылдан асыпты. Поэзия – оның негізгі хоббиі, темір тордың ар жағында жүрсе де шығармашылығынан мүлде қол үзбеген. Ал бостандықта оны анасы мен жақындары күтіп отыр. Көрсетілген фильмнің негізгі желісі – дәл осы сағыныш пен үміт жайлы.
РИЗАБЕК ОЖАРОВ – ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ
Бүгінгі негізгі шарамыз біздің бастамамымзбен өтіп жатыр.Яғни ҚО прокуратурасымен қылмыстық атқару жүйе департаменті бірлесіп профилактикалық шара қысқаша бейнеролик, қысқаша фильм деп айтуға болады.Енді бұл жерде жазасын өтеушілердің қатысуымен олардың отбасы мен бірге қатысқан шара.Жоғары профилактикалық тиімі бар деп санаймыз. Бәріне жақын ғой енді отбасы бала шағасы бостандық деген.Екіншіден өзім айтып кеткендей қылмыстық кодекстің 72-73 баптарына сйәкес бұл заңды түсіндірдік. Яғни олар өзі бір дұрыс жолға түссе ертең шартты түрде бостандыққа шығуы немесе оның жазасын өзгерту туралы түрлі түрлі мүмкіндіктер бар.
МАХСУТ ӨТЕТІЛЕУОВ – №60 МЕКЕМЕ БАСТЫҒЫ
Мекеменің сыйымдылығына байланысты фильм 900 сотталғанға үш кезеңмен көрсетілді. Көрсетілімнің басты мақсаты – жазасын өтеушілерге ой салу, жасаған ісіне өкініп, отбасына қайта оралудың маңызын түсіндіру.
Отбасына оралуды армандап жүрген жандарға бұл фильм қатты әсер етті.
Қазіргі таңда №60 мекемеде шамамен 900 сотталушы жазасын өтеуде. Олардың 75 пайызы еңбекке қабілетті. Көпшілігі өндірістік және шаруашылық жұмыстарға тартылған.Мұнда сотталғандарды жұмыспен қамтып отырған 19 кәсіпкер бар. Алдағы уақытта мекеме аумағында ангар құрылысы аяқталып, онда наубайхана және тігін цехтары ашылады. Қазіргі таңда мұнда газоблок және кірпіш өндірісі жолға қойылған. Сонымен қатар дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп, халықтық қолөнер де дамып келеді.
Мен осы «ИП Магжан» жеке кәсіпкерлігінде бір жылға жуық уақыттан бері жұмыс істеймін. Ағашпен жұмыс істеген ұнайды. Қазір астау жасап жатырмыз. Алдымен сапалы ағаш таңдаймыз. Кейін өлшемін белгілеп, кесіп, желімдейміз. Одан соң тегістеп, қазір соны істеп жатырмын. Кейін арнайы құрылғымен ою-өрнек салынып, лак жағылады.
Осы орайда мекеме басшылығы кәсіпкерлерді ынтымақтастыққа белсенді түрде шақырады. Жаңа жұмыс орындарын ашу мен әлеуметтік бастамаларды қолдау жазасын өтеушілердің өмірге деген көзқарасын өзгертіп, отбасымен байланысын сақтауға және қоғамға саналы түрде қайта оралуына мүмкіндік береді.