#qyzylordatv
Цифрландыру және жасанды интеллект жылын сән қуып, ұрандату үшін жариялаған жоқпыз. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Осы орайда Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында болашақтың технологиясына арналған кітап көрмесі өтті.
Көрмеге компьютерлік және бағдарламалау бағытындағы кітаптар, QR код арқылы оқылатын басылымдар, цифрлық форматқа көшірілген және электронды оқулықтар мен аудиокітаптар қойылды. Сондай-ақ балаларға арналған 3D, 4D және 5D форматтағы интерактивті кітаптар да көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шараға қаладағы мектеп оқушылары қатысып, өздері жасаған роботтар мен креативті жобаларын таныстырды. Жас өнертапқыштардың мүгедектігі бар адамдарға арналған көмекші және ақылды тестілеу жүйесі жобалары оқырмандардың ерекше қызығушылығын тудырды. 100-ден аса кітап пен 60 СD диск қойылған көрме ендің тұрақты түрде жалғаспақ.
БАҚЫТБЕК НАСЫРАДИН – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ
Бұл еліміздің болашағына жасалған нақты әрі сенімді қадам деп ойлаймын. Жасалынып жатқан көрмелер, іс-шаралар бұл жастарға шығармашылық ,техникалық шабыт береді деп ойлаймын. ЖИ-тің даму бағытында жасалып жатқан үлкен қадам. Қазіргі таңда жи және цифрлық технологиялар экономика, білім беру, медицина, өндіріс және мемлекеттік басқар салаларында үлкен түбегейлі өзгерістер әкеліп отыр. Бұл үрдіс Қазақстанды айналып өтпейтіні анық, біз осы өзгерістердің белсенді қатысушысы болуға тиіспіз және осы жасалып жатқан көрмелер жи-ға қатысты робототехникалық құрылғылары және де көрсетіліп жатқан қаншама техникалар бұл жастарға үлкен шабыт береді ойлаймын.//