#qyzylordatv
Төрткүл дүние асыға күткен XXV Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды. Байрақты бәсеке ақпанның 6-22 аралығында Италияның Милан және Кортина-д Ампеццо қалаларында өтеді.
Ел намысын спорттың он түрінен 36 спортшы қорғайды. Әлем кубогы кезеңдерінің нәтижесі бойынша биыл жарысқа биатлоннан екі ер және екі әйел спортшы қатысады. Ал фристайлдың акробатика және могул түрі бойынша рейтинг ұпайы жоғары тоғыз атлеттің қатысатыны белгілі болды. Мұнан бөлек, тау шаңғысы, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккей сайысынан бәсекеге түсетін отандастарымыздың да есімдері жарияланды. Құраманың ең жас мүшесі – 16 жасар Асан Асылхан. Спортшы фристайл-акробатикадан сынға түспек. Айта кетейік, дүбірлі додада 93 елдің үзіктері бас қоспақ.