#qyzylordatv
Ғылым және жоғары технология саласына қомақты инвестиция салынады. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Ең бастысы — бұл жоспарлар жұртты құр уәдемен жарылқайтын тұсаукесер рәсімдері мен форумдардың көлеңкесінде қалып қоймауы керек. Цифрландыру және жасанды интеллект жылын сән қуып, ұрандату үшін жариялаған жоқпыз», деді Президент. Маңызды міндеттің бірі – төл тарихымыз бен мәдени мұраларды электронды форматқа көшіру. Осы ретте «Ұлттық цифрлық мұра» қоры құрылмақ. Елде жасанды интеллект технологияларын дамытуға да ден қойылып жатыр. Ол үшін бірінші кезекте маман даярлауға айрықша көңіл бөлінбек. Бұл жұмыстар қазірдің өзінде қарқынды.