#qyzylordatv
«Жырмен өрілген ғұмыр». Осындай тақырыпта ақын, Қазақстанның құрметті журналисі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қаршыға Есімсейітованың шығармашылық кеші өтті. Сырдария ауданында ұйымдастырылған рухани шарада қаламгердің еңбегі насихатталып, оқырман мен автор арасында байланыс бекіді. Тақырыпты жыр кешіне куә болып қайтқан тілшіміз сабақтайды.
Бұл әдебиет пен журналистика саласында жарты ғасырға жуық үздіксіз еңбек еткен қажырлы қаламгерге құрмет. Расымен, Қаршыға Құрмашқызы тілшілік тіршіліктің қосында жүріп, табиғи талантын тасада қалдырмаған шығармашылық иесі. Ол табиғатпен тілдескен, сұлулықпен үндескен лирик ақын. Жүрек жырлары сыршыл сезімге, мөлдір махаббатқа құрылады. Қаршыға Есімсейітованың өзге ақындарға ұқсамайтын қасиеті аз жазады, деседе сөздері саф алтындай салмақты. Сонысымен құнды, сонысымен оқырман жүрегінен жол тауып келеді. Бұл әдебиет әлеміндегі әріптестерінің бағасы.
ҚАТИРА ЖӘЛЕНОВА – АҚЫН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЛАШ» ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ / Қаршығаның жалпы журналистикаға публицистикалық жанрменен поэзия жанрына проза жанрына сіңірген еңбегі өлшеусіз.Қазақта бұрыннан келе жатқан жақсы сөз бар. 8 қырлы бір сырлы дейтін. Мен осыны Қаршығаға бағыттап айтар едім. Өйткені бұл жан жақты көп нәрселерді қамтып жұмыс жасайтын өзінің тірлігіне мығым тастай тындырымды қаламгер/
Әдеби кештің негізгі арқауы – қаламгердің соңғы жылдары жарық көрген «Шешім» атты прозалық кітаптар топтамасы. Бұл туған өлкенің тарихы мен тұлғаларын бір арнаға тоғыстырған мехнатты еңбек. Аталмыш көп сериялы топтаманың биыл үшінші кітабы жарық көрді. Мұнда Сыр өңірінің тарихы таңбаланып, рухани нысандар шежіресі нақты дәйектермен жазылған.
ҚАРШЫҒА ЕСІМСЕЙІТОВА – ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ОБЛЫС БОЙЫНША ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫ
Енді кейінгі жастарға тенденция болып кеткен жастар кітап оқымайды деген. Сосын мен ойладым қой мен бұларға бір өзіміздің Сыр өңіріміздің тарихында белгілі болған тарихи тұлғалар жайлы түсіргендерімнен, сосын жазғандарымнан, тарихи жерлер туралы біраз кітаптар жаздым ғой. Сол кітаптарымнан бұлар да кейінгі уақытта хабардар болсын деген ниетпен «шешім» деген кітап шығардым. Сонан кейін бұл кітап тарап кеткеннен кейін бір әңгімелер шықты. Сіз неге осының жалғасын жазбайсыз? Мынау сұранып тұр жалғасы деп. Содан екінші кітабын шығардым шешімнің. Жақында 3ші кітап шықты. Үшінші кітапты мен Қызылорда қаласының Астана болғанына 100 жыл толуына, сосын қаланың тарихына, сосын қазіргі руханият әлемінде үлкен үлкен өзгерістер болып жатыр ғой, үлкен жаңалықтар болып жатыр. Бұл алдыңғы екі кітапқа қарағанда бұл кітап иллюстрациялық суреттерімен солай шықты/
Биыл кеш иесінің шығармашылық жолда жүргеніне 50 жыл толып отыр. Осылайша жарты ғасырлық белесте қазақ әдебиеті және бір құнды дүниемен толыққаны марқайтады. Рухани шарада қаламгердің өнегелі жолы жастарға үлгі ретінде ұсынылып, шығармашылыққа енді қадам басқан жас ақындар өз арнауларын оқыды.
НҰРСҰЛТАН СҮЙІНДІКОВ – ЖАС АҚЫН /Жалпы бүгін өте керемет кеш болып жатыр шығармашылық кеш. Өте рухани өте адамға ұрпаққа пайдалы жастарға өте тағылымды кеш болып жатыр деп ойлаймын. Және оған келіп атсалысып өлең оқып жатқаныма өте қуаныштымын. Ол кісі өте лирикалық ақын және ол кісінің бойында қайсарлық рух мінезге толы, ол өлеңдерінен де арқау болып көрініп тұрады. Мен басқа ақындарға қарағанда, бағана да өлеңдерін тыңдаған кезде көзіме жас алдым. Бұл екінің бірінің ақынның қолынан келе бермейтін іс деп ойлаймын/
Айта кетерлігі, осыған дейін қаламгердің «Ұмытпа мені», «Менің әлемім», «Боз даланың үні», «Аңсаған атамекенім», «Қарлығаш» деп аталатын өлеңдер мен әңгімелер жинағы жарыққа шыққан. Енді қазыналы шақта шығармашылықтың жаңа белесіне қадам басқаны құп.