#qyzylordatv
Байқоңыр қаласында бір күнде 250 отбасы баспаналы болды. Жаңа қоныс иелерін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев құттықтап, салтанатты түрде пәтер кілтін табыстады.
Қармақшы ауданында 2023-2024 жылдары 207 пәтерлік 103 тұрғын үй сатып алынып, кезекте тұрған азаматтарға берілген. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджет есебінен 2 млрд. 848 млн.теңге бағытталған. Сондай-ақ, өткен жылдың соңында Жосалы кентінде 50 пәтерлік 25 жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды. Ал, биыл Байқоңыр қаласында 250 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, баспана кезегінде тұрған отбасылар пәтер кілтін алды.
Баспаналы болғандардың бірі Әйкерім Намұратова. 3 бөлмелі пәтердің иесі атанғанына дән риза.
ӘЙКЕРІМ НАМҰРАТОВА – БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Осы баспананы күткенімізге 5-6 жылдай болды. Біз өте қуаныштымыз осы пәтерді алғанымызға. // Үй жайлы, жақсы, кең.
Байқоңыр қаласын дамытуда байырқалы бастамалар бар. Мәселен, жұлдызды қала тұрғындарының тұрмысын жеңілдету мақсатында көпқабатты тұрғын үйлер газға қосылды. Мемлекеттік бағдарламамен 50 пәтерлік бес тұрғын үй салынып, жаңа шағын аудан құрылды. Қаланың 95 шақырым су құбыры мен 85 шақырым кәріз желілері қайта жаңғыртылуда. Тұрғындардың бұқаралық спортпен шұғылдануына қажетті дене шынықтыру кешені салынып жатыр.
КОНСТАНТИН БУСЫГИН - БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ
Қазақстан басшылығы Байқоңыр қаласына ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл өте қуанышты жағдай. Бізде қаланы көркейтіп, осы аумақты абаттандыруға қатысты бірқатар жобалар бар. Тұрғындармен жылда кездесу өткізіп, жаңа жобларды ақылдасып, соны орындаймыз. Қазір Қазақстан тарабы су және кәріз желілерін жаңғыртуда. Бұл өте өзекті мәселе. Себебі, құбырлардың тозығы жеткен. Енді, сол құбырларды алмастыру жұмыстары жүруде. Келер жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.
Айта кету керек, 250 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы осыдан бес жыл бұрын басталған. Алайда, мердігердің салғырттығынан құрылысы тоқтап қалған. Ал жобаны жалғастыру үшін облыстық бюджеттен 2 млрд. 433 млн. теңге қаржы бағытталып, соның нәтижесінде қаншама шаңырақ қуанышқа кенелді.