#qyzylordatv

Арал ауданында жүк көлігімен жолға шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам төтенше жағдайлар және полиция қызметкерлерінің көмегімен аман-есен табылды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қаңтардың 18-і күні Арал ауданының тұрғыны «Shacman» маркалы жүк көлігімен Жіңішкеқұм елді мекені аумағынан жолға шыққан. Алайда ауа-райының күрт нашарлауы салдарынан жүргізуші жолдан жаңылып, адасып кеткен. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылып, соның нәтижесінде ауыл тұрғыны далалық жерден табылды.