#qyzylordatv
Президент Ұлттық құрылтайдың қызметіне белсене атсалысып, реформалардың табысты жүзеге асырылуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. Марапат иеленген қызылордалықтардың бірқатары Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық құрылтайда көтерілген маңызды бастамалар, мемлекеттік награданың маңызы және өңірдің дамуына қатысты пікірлерімен бөлісті.
СӘБИ АҢСАТ – ЕҢБЕК АРДАГЕРІ, «ПАРАСАТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ
Қызылордада бесінші құрылтай болды. Бұл елге үлкен серпіліс болды. О баста 20-сы күнге биылғы Құрылтайды ел басшысының белгілеуінің өзі үлкен аржағында тарихи мән жатыр. Тәрбиелік мән жатыр. Олай дейтініміз 1925 жылы Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға ауысты. Қазақстан ол кезде Ресейдің құрамында автономиялық республика. Сол кезде тарихи шешімдер орын алған. Қазақ мемлекетінің келешек дамуына әсер ететін ықпалды шешімдер болған. Соны Қызылордада атап өтілді да, астанада атап өтілмеген. Қоғамда пікір қалыптасқан болатын. Неге астана болған Қызылорда, астана болған Қызылордада атап өтілмеді деген. Сол пікір осындай шешім қабылдағаннан кейін сейілді. Өте жақсы болды. Соның жалғасы ретінде.
ЖАНДОС БАЗАРТАЙ – «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ
Жалпы осы құрылтайда Конституциялық реформаға қатысты үлкен саяси бастамалар көтерілді. Қоғамда қандай да бір мәселе талқыланса, оның барлығы сол Құрылтайдың аясында күн тәртібінде қаралды.Және де жаңа айтқандай өнер саласын, мәдениетті дамыту, руханиятты дамыту, жасанды интеллектті дамыту мәселесі көштен кейін қалмау мәселесі. Біз ортаАзияда осы жасанды интелект бойынша заң қабылдаған алғашқы мемлекеттердің біріміз. Дұрыс бағытта келе жатырмыз, бірақ тоқмейілсуге болмайды.Өйткені жсанды интеллектіні айналып өте алмаймыз.Ол жақта кадр даярлау мәселе өте маңызды. Ішінде Сыр елінің азаматы ретінде қуантқаны аймақ басшысына Президентіміздің берген бағасы. Барлығымыз ол жұмыстардың куәсіміз.Қызылорда облысында тұратын әрбір азамат соған үлесін қосып келе жатыр.
Брифингте марапат иелері Құрылтайда айтылған бастамалар мен өзгерістер ел дамуына серпін беретініне тоқталды.
ҚАЙРАТ ЖӘЛІМБЕТОВ – «ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ» КММ ДИРЕКТОРЫ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ
Шындығында бұл аймағымызға серпін болды. Кешегі өткен Құрылтайда айтылған мәселелер, Құрылтайда айтылған үлкен проблемалар саяси бастамалардың барлығы сол елдің алға қарай жылжуының бастамасы деп ойладым. Шындығында да қай сала болмасын барлық сала да қозғалды. Барлық сала жайында айтылды.
ЕЛЕНА ПАК – «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, «ШАПАҒАТ» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ
2026 жылы көптеген жақсы жаңалықтарға толы жыл болып басталды. Соың ішінде қаламыздың көркін келтіретін жаңа бір нысан ашылып, ол Достық үйі. Президенітіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «егемендігіміздің мәңгілік үштағаны байтақ жерімізді, қастерлі тілімізді және береке-бірлігімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек» деген болатын. Соның ішінде өңірлік «Ассамблея жастары» жылдар бойы жастар арасында ырысты, ынтымағын нығайтуға, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді сақтауға өлшеусіз үлесін қосып келеді.