#qyzylordatv
Аймақта жылу беру маусымы басталғалы тұрғын үй секторындағы өрт оқиғасы 21 пайызға төмендеген.
Былтыр жыл ішінде 471 өрт оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 6 адам қаза тапты. Тағы 10 адам әр түрлі дене жарақатын алған. Биыл бұл көрсеткіш азайған. Соған қарамастан, төтеншеліктер аула-ауланы аралап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
БЕЙБІТХАН СПАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ
Жылу маусымы басталғалы бері 1 адамның қаза болуымен, сонымен қатар 1 адам дене жарақатын алып отыр .
Өрттің өршуі ,өрттің туындауы және таралуы көбінесе тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуынан , адамдардың салғырттығынан , ескертусіз, бақылаусыз қалуынан болып жатыр .
Тұрғын үйлердегі өрттердің көбісі жылу маусымы басталар алдындағы дайындықтың уақытылы жүргізілмеуінен, тұрмыстағы электр қондырғыларының, пештің, қатты отын мен жылынатын тұрғын үйлердегі мұржаның бітелуінен орын алып отыр.