#qyzylordatv

Қалалық сайлау учаскелерінде қызмет атқаратын мамандар арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды. Спорттық шара кәсіби ортадағы ынтымақтастықты арттыруды көздейді.

 Бұл күн жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде аталып өтеді. Ал бастамасы 2005 жылы Еуропадағы сайлау ұйымдастырушыларының конференциясында дүниежүзілік деңгейде бекітілген.

Жарысқа Қызылорда қаласындағы он сайлау учаскесінен жиналған 10 команда қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда биыл команда саны артып, қатысушылардың белсенділігі жоғарылаған.

КЕҢЕС НӘСІБЕКОВ – ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

Жыл сайынғы ақпан айының бірінші бейсенбісі дүниежүзілік сайлау күні. Сол сайлау күнін атап өту мақсатында Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының іс шара жоспары бекітілді. Сол іс шара жоспарына сәйкес бүгінгі күні Қызылорда қаласында орналасқан учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің арасында валейболдан жарыс. Енді бұл жарысқа қазір 10 команда қатысуда 10 сайлау учаскесінен. Жарысқа жақсы дайындықпен келген ойыншылар. Енді жүлделі орындармен марапатталатын болады. Біз былтырдан бастадық. Былтыр футболдан өткізгенбіз. Онда да дәл осындай кубоктар мен ақшалай сыйлық грамоталармен марапатталды. Бұл үрдіске айналып келе жатыр. Жылда осы әртүрлі спорт түрінен ұйымдастыратын боламыз.