#qyzylordatv
Филология ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Сәдуақасұлы – 80 жаста. Ғалымның мерейтойына орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде салтанатты мәжіліс өтіп, ұстазға құрмет көрсетілді.
Жеңіс Сәдуақасұлы – тіл білімі саласы бойынша іргелі зерттеулер жасап, ғылымның дамуына үлес қосқан тұлға. Ол тек тіл ғылымының күрделі теориялық мәселелерін зерттеумен ғана шектелмей, ана тілдің ғылыми әлеуетін арттыруға ықпал етіп, жас ғалымдар мен шәкірттерге бағыт-бағдар берді.
МАЙНҰР БӨРІБАЕВА – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ
Ол Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, қазақ тіл білімінің дамуына, жоғары білімді маман даярлау ісіне өлшеусіз үлес қосып келеді. Бүгінде Жеңіс Сәдуақасұлы – университетіміздің ғылыми әлеуетін айқындайтын ірі тұлғалардың бірі.
Жиында ғалымға Ғылым және жоғары білім министрлігінің арнайы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ, мерейтой иесіне оқу орнының проректоры шапан жауып, құрмет көрсетті.
Жарты ғасырға жуық университетте еңбек еткен ғалым 150-ге жуық қазақ тіліне қатысты ғылыми және әдістемелік еңбектер мен мақалалардың авторы. Шарада Жеңіс Сәдуақасұлының ғылым жолындағы құнды ізденістері туралы ғана емес, парасатты болмысы мен адамгершіліктен айнымайтын мінезі туралы да айтылды.
БОЛАТ БОРАНБАЙ – филология ғылымдарының кандидаты
Ғылымда ғылым докторы, кандидаты деген дәрежесі бар адамдар көп. Бірақ оның ішінде Жеңіс Сәдуақасұлы сол ғылымдағы үлкендерінің абыздарының бірі ретінде таниды. Аралда туған. Сонау Аралдың қойнауында туған азамат үлкен армандармен өскен болса керек. Осындағы оқу орнына мені де алып келген Жеңіс Сәдуақасұлы. Сыр бойында тілге қатысты қандай мәселе болады, соның барлығының басында көшбасында Жеңіс ағаң жүр. Ол онамстика мәселесінде әділ ойларын айтып жүр.
Салтанатты шарада Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.
ЖАНДОС БАЗАРТАЙ – «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ТӨРАҒАСЫ
Жеңіс Сәдуақасұлы ағайымыз университеттің стратегиялық дамуында, ғылыми әлеуетін арттыруда үлкен еңбек етті. Әсіресе шәкірт тәрбиелеуде ол кісінің еңбегі орасан. Себебі университет шәкір тәрбиелейтін үлкен орталық. Тіл білімі саласында, ғылыми жобаларға тарту саласында мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, Қазақстанымыздың дамуына өз үлестерін қосып келе жатыр. Ағайдың адамгершілік қасиеті, ішкі жан дүниесі, рухани байлығы бәрімізге үлгі.
Сексеннің сеңгіріне шықса да ғалым ғылыми ортадан қол үзген жоқ. Оның дәлелі осы аптада Жеңіс Сәдуақасұлының «Тілім – тірегім» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді. Көпті көкейге түйген, тәжірибесі мол ғалым осылайша көпшілікті құнды еңбегімен қуантуда. Айта кету керек, жиында мерейтой иесіне өңірдегі оқу орындарының басшысы мен ұжымының атынан құттықту хаттар мен сый-сияпаттар табысталды.