#qyzylordatv

Көлік жүргізушілерінің назарына. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық автожолының Қызылорда қаласымен Арал ауданы аралығында 6 дана «ZEREK-2» жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды. Стационарлы аппараттық-бағдарламалық кешендер жылдамдықты асырып, құқық бұзушылық жасаған автокөліктерді анықтайтын болады.

 Жылдамдықты бақылауға арналған құрылғы бұған дейін Қызылорда-Жаңақорған бағытына қарай орнатылған болатын. Нәтижесінде, бір жылдың ішінде 20 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтап, жылдамдықты шамадан тыс асырған жүргізушілерге 289 млн. 156 мың теңге айыппұл салынды. Енді міне, «ZEREK-2» жылдамдықты бақылау жүйесі Қызылордадан Арал ауданына дейін алты жерге орнатылды. Атап айтсақ....

ӘЛІМЖАН ЕСБАЕВ, ОПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ \Сырдария ауданы, Баймұрат батыр ауыл 1800 шақырым, Ақжарма ауылы 1738 шақырым, Ақжар ауылы 1690 шақырым, 103 разьезд 1568 шақырым, Әйтеки би кенті 1472 шақырым, Арал ауданында 1351 шақырымда орналасқан......\

 «ZEREK-2» аппараттық-бағдарламалық кешені жылдамдықты асырып, заңсыздыққа жол берген автокөліктерді анықтайды. Сондықтан жылдамдықты 100-ден асырмаған жөн.

 ӘЛІМЖАН ЕСБАЕВ, ОПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ \Аталған жол учаскесінде жол қозғалыс жылдамдығы 100 км сағатшегінде шектелген....\

 Айта кету керек, қазіргі таңда облыс аумағында құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын 124 дана құрылғы жұмыс істейді. Жылдамдықты анықтайтын құрылғылармен жыл басынан бері 6 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген. Оларға қатысты 79 млн. 260 мың теңге айыппұл салынды.