#qyzylordatv
Қазалы ауданындағы ең шалғай ауылдың бірі - Сарыбұлақ елді мекені ауыз су жүйесіне қосылды. Ал, Бекарыстан би ауылында жаңа спорт кешені ашылды. Сондай-ақ, Әйтеке би кентінде темір жол үстінен салынған жаяу жүргіншілер көпірі халық игілігіне берілді. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың Қазалы ауданына жұмыс сапары туралы келесі бейнематериалымызда.
ЕЛДОС АСАН – ТІЛШІ // Артымдағы аядай ғана Сарыбұлақ ауылы аудан орталығынан 120 шақырым қашықтықта орналасқан. Шалғайдағы елдімекенде 70-80 үй түтін түтетіп отыр. 70 жыл бұрын мал шаруашылығын өрістету мақсатында құрылған ауылда бұған дейін ауыз су мүлде болмапты. Тұрғындар тіршілік нәрін ауыл сыртындағы бұлақтан тасып ішіп келген.
Тіршілік нәрін бұлақтан тасып ішіп, ауласындағы құдықты толтырып отыру оңай тірлік емес. Оның үстіне қара суықта су қатып қалып, қиналып қалатын едік, дейді ауыл тұрғындары.
ЕРҒАЛИ САРЫМСАҚОВ – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Бір бұлақ бар тек. Оның өзі насоспен айдайтын еді. Сонымен трактормен ауылға тасып, үй кезекпен тапсырыс береміз. Үйдің жанына 3 тонналық емка орнатқанбыз. Соған құйғызып алатынбыз. Қысты күні олда қатып қалады. Мұзы ойып алатын едік.
Енді ауыл халқы бұл машақаттан құтылды. Ауылдан скважина қазылып, су тұщыту қондырғыларымен қамтамасыз етілді. Қазір әр үйге сапалы ауыз келіп тұр. Бұл жұмыстар мемлекетке қайтарлыған активтер есебінен жүргізілді.
ҚҰНДЫЗ БАЙБАРАҚОВА – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Ауылымызға су келіп, өте қуанып жатырмыз. Бұрынғы қиын күндеріміз артта қалып. Жұмысымыз жеңілдеп ыдысты да келіп тұрған осы ауыз суымызбен жуып жатырмыз. Негізі аса сене қойған жоқпыз. Өйткені жолдың алыстығына байланысты, шалғай жатқандықтан. Бірақ үмітіз болды. Міне қуанышқа орай осындай баққа кенеліп жатырмыз.