#qyzylordatv
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда «Сыр бойы нағыз еңбек адамдарының мекені» деп пікір білдірді. «Бір ауылдан жүз шайыр шықса, тағы бір ауылдан ондаған, жүздеген Еңбек Ері шығып жатыр. Бірі тарих қойнауына еніп кетсе, енді бірі – ел үшін еңбекте алдыңғы шепте»,- деді. Еңбегімен елге сыйлы азаматтың бірі - Айтбай Көшербайұлы. Ол Ұлттық құрылтайда елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Парасат» орденімен наградталды.
АЙТБАЙ КӨШЕРБАЕВ – «ПАРАСАТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ
Сырдарияның бойындағы тіршілік жасап жатқан Сыр елінің бүгінгі күнгі бет-бейнесі, яғни жалпы Қазақстандағы оның ішінде Қызылорда облысындағы оң өзгерістердің, халқының еңбекшілдігі және Қасым-Жомарт Кемелұлының сөзіндегі бағасы елге деген серпін туғызатын, еңбекке қарқын туғызатын жағдайлар. Облыстың басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевқа берген оң бағасы бұл да мемлекеттік қызметтегі байсалды да табанды елмен бірге атқарып жатқан жұмыстардың оң нәтижесі дәне алдағы уақытта да батыл қимылдарға елдің ауызбіршілігі үлкен сенім туғызатын дәлелдейді. Бір ауыз сөзбен айтқанда, Ұлттық құрылтайда Президентіміз өз қолымен көптеген азаматтарды марапаттап, соның ішінде Сырдың жерінде еңбек етіп жатқан біздердің де марапаттың ішінде болуымыз еңбек адамдарын сыйлауда, яғни халықтың еңбек етіп жатқандығын және олардың белсендігін көтеруде. Әрине, енді біз алдағы уақытта құрылтайдың шешімін алып, оның іске асырылуын осы еңбек адамдары халықтың ортасында жүріп насихаттап, еңбек етеміз.