#qyzylordatv
Арал ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жұқпалы аурулар бөлімшесі ашылды. Заманауи құрал-жабдықпен қамтылған нысанның ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты. Сондай-ақ, аймақ басшысы аудандық көпбейінді орталық ауруханасына жапсарлас салынған жаңа ғимараттың жұмысымен танысты.
Жұқпалы аурулар бөлімшесінде бір мезетте 25 науқастың ем қабылдауына жағдай жасалған. Ал, шұғыл жағдайларда от жасауға да мүмкіндік бар.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ
Енді міне осы аурухана ішінде МРТ, КТ ең керекті деген медициналық құрал-жабдықтардың бәрі болады. Біздің мақсатымыз осы Аралдың халқын, орталыққа әуреге салмау, қатынатып. Осы жерден тиісті, өздеріне қажетті диогностикалық емдерді алу керек. Соңғы 3 жылда аудандағы медицинаға 9 млрд.теңге қаржы бөлінді.
ОЛЖАС ЫСҚАҚОВ – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
25 төсектік Арал аудандық инфекциялық бөлімшесі барлық заман талаптарға сәйкес. Өзінің диогностикалық бөлімі бар, өзінің операция жасайтын бөлімшесі бар. Және 19 миксерлік дейді, арнайы бокстары бар. Осы Арал тұрғындарына тиісті медициналық көмектің қолжетімділігін арттыратыны сөзсіз.
Ал «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауруханаға жапсарлас салынған жаңа ғимарат өз жұмысын бастады. Екі қабатты нысанда 17 төсектік нейро-инсульт және 34 төсектік кардиология бөлімшелері жұмыс істейді. Мұнда сапалы медициналық қызмет көрсетуге қажетті құрал-жабдықтардың барлығы бар.
ЖӘНЗИЯ ОРАЛБАЕВА – СЕКСЕУІЛ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ
Бұрынғы көне больницада жатуымызға мүмкіншілік жоқ. Кезекті көп күтетін едік. 25 жылдан бері учетта тұрамын давлениеден, 15 жылдан берің сахрда учетта тұрамын. 26 жыл біздің Арал ауданында керемет жыл болып отыр. Жаңа ғимаратқа кіріп жатырмыз. Ғимарат іші жарық, ауруларға ыңғайлы.