#qyzylordatv

Түнгі клубтардың бірінде жанжал шығарып, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматтарға қатысты сот үкімі шықты. Сот отырысына онлайн режимде 20 мыңға жуық мектеп оқушысы мен студент қатысты.

 Оқиға былтыр 28 шілде күні болған. Түнгі клубта сөзге келіп қалған жастар өзара жанжалдасып, арты төбелеспен аяқталады. Кәмелет жасқа толмағандардың бірі жәберленушінің сол жақ саны мен жүрек тұсына пышақ сұғып, дене жарақатын салса, 19 жастағы айыпталушы оны тепкен. Қасақана адам өлтіруге оқталды деп айыпталған екеуге қатысты бүгін сот үкімі шықты.

 ДІНМҰХАМЕД НАҒАШЫБАЙ, СОТ ОТЫРЫСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

Оқиға болған уақытта кәмелетке толмаған сотталушыға 24 баб, 3 бөлігі арқылы, 99 баб 2 бөлігінің тоғызыншы тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін 6 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кәмелетке толған сотталушыға 293 баб 2 бөлігінің 1 тармағымен 4 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ\

Кәмелет жасқа толмаған сотталушы жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтейтін болады. Ал, екіншісі пробациялық есепке бақылауға алынады.

 ГҮЛЖАН ФАЙЗУЛЛАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ

Облыстық прокуратураның бастамасымен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіндегі қылмыстық іске облыс көлемінде 20 мыңға жуық мектеп оқушылары мен студенттерге көрме сот отырысы өткізілді. Мақсат кәмелеттік жасқа толмаған жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңның алдында жауапкершілігін түсіндіру, қылмыстық құқық бұзушылықтың нақты мысалдарын көрсете отырып, мұндай іске бармауға үгіттеу. Сонымен қатар, сот отырысын қарай отырып, заңды сақтауға, тәртіпті бұзбауға шақыру