#qyzylordatv
Таза ауаға тарайтын түтін мен тозаңның да өз есебі бар. Қазір өңірдегі ірі өндіріс орындары мониторингтік автоматты жүйені іске қосқан. Олардың қатарында «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» да бар. Осылайша кәсіпорын экономикалық қана емес, экологиялық тиімділікке де бет бұрып отыр.
Зауыттан ауаға тарайтын зиянды заттардың мөлшері үш жылдан бері арнайы құрылғының көмегімен анықталып келеді. Әрі ақпарат әр 20 минут сайын «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкіне» тікелей жолданады. Сондықтан «деректі жасыру мүмкін емес», - дейді мамандар. Бұл заң талабы ғана емес, ұрпақ алдындағы жауапкершілік.
ӘЛІШЕР ШАМКЕНОВ – ОБЛЫС БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Мониторингтің автоматтандырылған жүйесі өндіріс және өнеркәсіптік объектілердегі процесстерді, оның ішінде қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындыларын бақылауды автоматтандыруға арналған кешенді технологиялық шешім болып табылады. Бұл жүйе өнеркәсіптік нысандардың жұмысын нақты уақыт режимінде бақылауға, деректерді үздіксіз жинауға, талдауға және тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.++Бүгінгі күні «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС-мен Ұлттық деректер банкі жүйесіне деректер әр 20 минут сайын тұрақты түрде берілуде. МАЖ орнату экологиялық бақылау заңнамасының бір бөлігі болып табылады және өндірістің экологиялық қауіпсіздігін арттырады
Жаңа жүйе өнеркәсіптік нысандардың жұмысын нақты уақыт режимінде бақылауға, деректерді үздіксіз жинауға, талдауға және тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Серіктестіктің қоршаған ортаны және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Гүлзина Оразалиева мониторингтік автоматты жүйені қосқалы экологиялық қауіпсіздікке қатысты көптің көңіліндегі күдік сейіле бастады дейді.
Қазіргі таңда өңірде үш ірі кәсіпорын «СКЗ-У», «Orda Glass» және «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» мониторингтің автоматтандырылған жүйесін толық орнатты. Бұл экологиялық қауіпсіздікті қадағалауға арналған нақты қадам болып отыр.