Өздері сап түзеп, сарбаз болмағандар оқушыларды патриоттыққа баулып жүр.

Елімізде «Алғашқы әскерге дайындық» пәнінен сабақ беретін 5 мыңға тарта мұғалім бар. Алайда соның 16 пайыздан астамы қару ұстап, қызмет етіп көрмегендер екен. Бұл туралы бүгін Мәжілісте халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында айтылды. Сондықтан жауаптылар олқылықтың орнын толтырып, жасөспірімдердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру жұмыстарын күшейту қажет,-дейді. Осы мақсатта алдағы 3 жылда еліміздің әр өңірінде 20-ға жуық әскери мектеп ашылмақ.