Қызылордада жастардың тың идеялары мен бастамаларын қолдауға бағытталған «Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» атты хакатон өз жұмысын бастады. Байқауға өңірдің белсенді жастары қатысуда.

Хакатонға қатысушылар интеллектуалдық қабілетін сынап, командада жұмыс істеу шеберлігін дамытады. “Ауыл” партиясының өңірлік филиалы ұйымдастырған шараға 23 команда қатысып жатыр.Жеңімпаз команда хакатонның республикалық кезеңіне жолдама алып, өңір намысын қорғайтын болады.

БАҚТИЯР СЫЗДЫҚОВ- ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

"Бұл біздің дәстүрлі хакатонымыз дәстүрге айналды.Қазіргі таңда облысымыздан 23 команда қатысайын деп отыр.Оның ішінде университеттің студенттері бар коледждерден және мектептердің жоғарғы клас оқушылары бар.Жоғарыдан көрінген командалардың барлықтарына сый сияпаттар бар алғыс хаттар медальдар.Ал 1 орын алған команда Астанада Республикалық кезеңге өтеді."

БАҚБЕРГЕН АККАСИНҰЛЫ – ҚАТЫСУШЫ

"Біз бірінші рет хакатон сайысына қатысып отырмыз.Біздің алып келген жобамыз Ecological жобасы болып табылады.Яғни агрономиялық калькульятор.Бірінші рет қатысқаннан кейін әрине қобалжу бар .Бірақ та сәтті қорғап шықтық презентациямызды..Біздің проект ауыл шаруашылығында дәнді дақылдар,тұқымдардың және судың тапшылығын алдын ала болжап бізге шығарып беретін есептеме калькульятор болып табылады."