#qyzylordatv

Білім беру мекемелері мен ювеналды полиция қызметкерлері бірлесіп, рейд жұмыстарын күшейтті.

Заң бойынша сағат 23:00-ден кейін жасөспірімдердің үлкендерсіз көшеде жүруіне тыйым салынған. Осы ретте құқық қорғау қызметкерлері қаладағы көңіл-көтеретін орындарды аралап, әрбір нысанның әкімшілігіне жасөспірімдерді беймезгіл уақытта заңды өкілінсіз демалыс орнына кіргізуге болмайтынын ескертті. Айта кетейік, рейд жұмыстары маусым айының аяғына дейін жалғасатын болады.