#qyzylordatv

Жастар арасындағы жайдарман ойындарының биылғы маусымы «Заң мен тәртіп» тақырыбымен қорытындыланды. Финалдық кезеңде үздік командалар анықталды.

Шешуші кезең екі бөлімнен тұрды. Алғашқысы – сәлемдесу, ал екіншісі – жұлдызбен көрініс. Сайыстың басты мақсаты – жастар арасында заң мен тәртіп қағидатын насихаттап, қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл арқылы жеткізу.

РУСЛАН САТЫБАЛДИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МНДЕТІН АТҚАРУШЫ Жайдарман - жастардың басын қосатын тапқыр әзіл,шынайы күлкі сыйлайтын орта. Кез келген ортада заң мен тәртіп идеологиясы біздің басты ұстанымымыз болуы керек. Қазір цифрландыру дәуірі болған соң түрлі қылмыстық істер, адамдардың алданып қалу фактісіде жиіледі. Осыған дейінгі ойындарда бүгінде осы мәселе сахнада әдемі әзілмен жеткізілді деп ойлаймын. Ең бастысы осы нәрседен халық көкейіне маңызды ақпарат түйді деп санаймыз.

  Жалпы биылғы маусымға 30-дан астам команда қатысып, іріктеу кезеңінен сүрінбей өткендері финалда бақ сынады.

ӘЛІБИ БАСАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАЙДАРМАН ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Жайдарман қазіргі таңда жастардың сүйіп көретін алаңы және де бұл бір шағын мектеп десекте болады осы мектептен шыққан кішкене мына табалдырықтан аттап түрлі облыстық, қалалық республикалық арнайы жобаларға қатысып өзі шыңдалып үлкен жобаларға қатысады. Ол бірінші мәселе, екінші мәселе ойында үздік деп танылған команда бізде республикада чемпиондардың чемпионы арнайы жоба өтеді. Яғни, 20 өңірдің үздіктері сол жерде бақтарын сынайды сол жерге осы ойынның үздігін біз сол жақа қарай жолдама беретін боламыз.

 Командалар сахнада қоғамдағы түрлі мәселелерді әзіл арқылы жеткізуге тырысты.

АРУЖАН МАРАТҚЫЗЫ, АРАЛ АУДАНДЫҚ «ДАРЫН» КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ

Жалпы маусымашар басталғаннан бері финал ойындары соңы бітті. Маусымымыз өте қызықты болды. Жайдарман ойнау мақсатымыз – сахнаға бейімделуде және де өз өнерімізді көрсетуде. Жайдарман біз үшін үлкен мүмкіндік деп айта аламын және де алдағы уақытта біздің көптеген мақсаттарымыз жоспарларымыз бар.

 ДИДАР БОЛАТБЕКҰЛЫ, «BRAND» КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ

Жалпы ойын заң мен тәртіп аясында өтті. Барлығы да өз деңгейінде өнер көрсетті деп ойлаймын. Жайдарман өте қызықты өтті. Алдағы уақытта осы деңгейді дамытып республикалық үлкен ойындарға шыға беру.

 Финал қорытындысы бойынша бірінші орынды «Бренд» командасы жеңіп, ақшалай сыйлыққа ие болды. Екінші орынды «Дарын» және «Матриархат» командалары иеленді.