#qyzylordatv
Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Түктібаев елді мекендерінде газдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аталған ауылдарға барып, құрылыс барысымен танысты. Тілші бейнематериалында толығырақ.
ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ, ТІЛШІ
Өткен жылы Ақтан батыр ауылы көгілдір отынға қосылса, жыл соңына дейін Бекарыстан би, Майдакөл, Жанқожа батыр, Түктібаев ауылының тұрғындары от жағып, күл шығару машақатынан құтылады. Төрт елді мекеннің орамішілік газ желісін жүргізуге республикалық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды
Жанқожа батыр ауылында өткен жылы 300 орындық «Келешек мектебі» салынып пайдалануға берілсе, биыл міне газдандыру жұмыстары басталды. Аудан әкімінің сөзінше алдағы қазан айында 280 тұрғын үй мен 9 әлеуметтік нысан көгілдір отынға қосылады. Бұл тұрғындардың көптен күткен қуанышы болатын.
ДУМАН ТӨКЕШ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ \Көгілдір отын келеді дегенді естігесін еңкейген қарттан ес білген балаға дейін қуанып жатырмыз. Оның үстіне Қызылордадан мердігер мекеме келіп, техникаларымен жұмысты бастап жатыр.
ҚОЖАС МЕДЕУБАЙҰЛЫ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ бұрын көмір жағып, күл шығарып жүрген келіндеріміз көгілдір отынның игілігін көрейін деп отыр. Ауыл тұрғындары қуанышты болып жатыр. Жақсылық ұзағынан болсын деймін....
Бекарыстан би, Майдакөл, Түктібаев ауылында да газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үш елді мекеннің орамішілік газ желісін тартуға республикалық бюджеттен 680 млн. теңге қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң бес жарым мыңнан астам тұрғын көгілдір отынның игілігін көреді. Нәтижесінде аудан бойынша елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 78,5 пайызға жетеді.
Газдандыру тұрғындардың тұрмысын жеңілдетіп қана қоймайды, кәсіпкерліктің дамуына, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсаруына оң септігін тигізеді.