#qyzylordatv
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде құнды кітаптар көрмесі өтті.
Көрмеге араб, парсы, шағатай тілдерінде жазылған сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қойылған. Солардың ішінде ерекше орын алатын еңбектердің бірі – «Бехаре Денеш» кітабы. Ол 1900 жылы Ташкент қаласында жарық көрген. Ал музей қорына 1979 жылы тапсырылған.
БАҚНҰР ЖОЛМЫРЗА – ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Кітап өткен мен бүгінді жалғайтын ерекше құрал. Рухани қазына десек болады. Сонымен қатар музей қорында 200- ге тарта құнды кітаптар, сирек кездесетін кітап қоры бар. Қазіргі таңда балаларға келген көрермендерге насихаттау мақсатында кітап күніне бір апта көлемінде арнайы көрме ұйымдастырылып жатыр. Балалардың назарын осы кітаптарға ерекше қызығушылығы артсын деген мақсатта ұйымдастырылып отқан көрмелердің бірі.
СЫМБАТ МАМАН – ТІЛШІ: Бұл - қазақ халқының рухани көсемі, «ұлт ұстазы» Ахмет Байтұрсынұлының 1926 жылы Қызыл-Орда қаласында жарық көрген «Әліп-би яғни (Жаңа құрал)» оқулығы. Ескі ауыл мен жаңа мектеп суреттері сол дәуірдегі білімге ұмтылысты аңғартады.
Көрмеге келушілер қазақ халқының рухани қазынасы болып саналатын өзге де көне, құнды жазба мұралар мен тарихи жәдігерлер туралы мәлімет алды.
АЙЗАДА БЕКЖІГІТОВА –МҰҒАЛІМ
Кітап күні мерекесіне орай Облыстық өлкетану музейінде кішігірім көрме болып жатыр дегенсің мен оқушыларымды алып келдім. Балалар келіп көріп қуанып жатыр. Осындай іс - шаралар жиі ұйымдастырылса балалардың зейіннің ашуы,сауаттылық жағынан болсын көп пайдасын тигізеді деп ойлаймын.
АЙАРУ ҒАНИ – ОҚУШЫ Бүгінгі музей маған қатты ұнады. Мен кітаптарды көрдім. Ескі кітаптарды көрдім. Маған төте жазулары кітабы қатты ұнады. Мен музейге жиі келіп тұрамын алдағы уақытта.
Құнды кітаптар – ұлттың рухани мұрасы мен тарихының айнасы. Олар өткен мен бүгінді байланыстырып, жас ұрпақты білімге, ізденіске жетелейді.