#qyzylordatv

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттырып, олардың бойында адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын нығайту – бүгінгі күннің талабы. Осы орайда Жалағаш ауданында мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар-кеңес өтті.

Мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін көрсеткіш: өңірімізед 2024 жылы - 6, былтыр - 4, биыл 1 мемлекеттік қызметші жемқорлыққа қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Жиында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жауапкершілігі мен әдеп нормаларын бұзған жағдайда туындайтын құқықтық және тәртіптік салдарлар туралы нақты түсіндірме берілді.

МЕЙРАМКҮЛ БИБІТОВА - ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Пара беру, алу, заңсыз кәссіппен айналысу осылардың барлығы сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар болып саналады. Әкімшілік кодексте әкімшілік сыбайлас құқық бұзушылықтарға 6 бап еңгізілген. Ол қандай баптар дейдін болсақ. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның не оған тиістірілген тұлғаның заңсыз материалдық сиақы алу алуы. Жалпы, қылмыстық іс қозғау үшін бізде алған сиақы мөлшері болсын, заттай болсын, ол ақшалай болсын 2 айлық есептік көрсеткіштен асса бұл қылмыстық жауапкершілікке алып келеді.

 Жиында қолданыстағы заңнама талаптары тағы бір мәрте пысықталып, қызметтік тәртіпті күшейтудің тетіктері түсіндірілді. Мәселен, мемлекеттік қызметшіге қосымша табыс табу мақсатында кәсіпкерлікпен айналысуға немесе шетелдік акциялар мен облигацияларға иелік етуге қатаң тыйым салынған. Алайда, заң бәрін бірдей шектемейді. Мемлекеттік қызметтің негізгі міндетіне кедергі келтірмейтін, шығармашылық пен білімге бағытталған қосымша жұмыс түрлеріне рұқсат бар.

 БАҒДАТ ӘБДІҚАДЫР – ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ

 Мемлекеттік қызметшілерге қосымша педагогтық, ғылыми және шығармашылық қызметпен айналысуына рұқсат берілген. Мемлекеттік қызметшілер бүгінгі таңда шектеулердің ішінде өте көп көңіл бөінетіні мына құмар ойындарға. Яғни, құмар ойынға қатысу және бәс тігуге қатысуға байланысты шектеулерді үнемі назарда ұстап отырмыз. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан осы олқылықтардың орын алмауына бүгінгі жиналыс өз септігін тигізеді деп ойлаймын.

Семинар қортындысы бойынша жеке қабылдау өтті. Қызметкерлер өз саласындағы өзекті түйіткілдерді қозғап, ұсыныстарын айтты. Спикерлер қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беріп, түйтікілді мәселелерді түрдіп алды. Жиын соңында қатысушылар аудан әкімдігінің алдына тал егіп, көркейту жұмыстарына өз үлестерін қосты .