#qyzylordatv
Сүрініп кеткен тағдырлар ендігәрі бүлінбесін деген ұстаныммен Қызылорда қаласының прокуратурасы пробациялық есепте тұратындар арасында спорттық іс-шара ұйымдастырды
ҚЫЗЫЛОРДА
Соңғы жылдары прокуратура органдары пробация қызметіне екпін беріп келеді. Ал, пробация қызметі дегеніміз – сотталғандарға кешенді әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету. Мұндай өзгерістер біздің қоғамымыздың ізгілік сипатын тереңдете түседі. Осы мақсатта ұйымдастырылған спорттық іс-шара біраз адамның басын біріктіріп, қызықты сайысқа ұласты. Белсенділік танытқан, саламатты өмір салтын ұстанғандар құр алақан қайтқан жоқ, ақшалай сыйлықпен марапатталды. Шараға ұйытқы болғандар қатарында «Жігер» қоғамдық бірлестігі мен қалалық пробация қызметі де бар.