#qyzylordatv
Аралда жылқыны үйірімен ұрлаған екі адам үш жылға сотталды.
Полицейлер 19 қаңтар күні Жақсықылыш ауылының шетінде УАЗ автокөлігін тоқтатып, тексеріс жүргізген. Нәтижесінде көлік бортында тиісті құжаттары жоқ 4 жылқыны байқаған. Анықтай келе жылқылардың жайылымдық жерден ұрланғаны белгілі болған. Ал, күдіктілердің тұрғылықты мекен-жайын тінту кезінде тағы екі жылқы мен мал еті тәркіленді. Бұдан бөлек, барымташылардан желмая маркалы мотоцикл және басқа да заттай дәлелдемелер алынған. Осылайша 33 және 25 жастағы екі облыс тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданған. Сот үкімімен айыпталушылар мал ұрлығы үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ұрланған мал иесіне қайтарылды.