#qyzylordatv

Қалалық әкімшілік жанындағы қоғамдық ардагерлер ұйымына арнайы бөлме берілді. Мансап орталығынан жабдықталған кабинетте енді салалық бөлімдерден зейнетке шыққан ардагерлер бас қосады. Бүгінде бастауыш ұйымда 40-тан астам зейнеткер топтасқан.

 Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірбек Шәменов аға буынның қоғамдық саяси жұмыстардағы рөліне тоқталып, маңызды мәселелерде бірлесе шешім қабылдау қажет екенін жеткізді. Жаңадан жабдықталған бөлме енді ардагерлердің кеңес құрып, бос уақытын тиімді өткізетін орынға айналарына сенім білдірді. Іс-шарада сөз алғандар ардагерлерге қамқорлық көрсету, бастауыш ұйымдардың жұмысын жандандыру мен мәдени-көпшілік жұмыстарға белсене араласу қажеттігін айтты. Бүгінде қалада 36 мыңнан астам ардагер болса, олар 230-дан астам бастауыш ұйымдарға біріккен.