#qyzylordatv
Қазақстан мен Моңғолияны байланыстыратын автожол салынады. Бұл туралы Ақордада Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсүхпен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Екі ел арасын жалғайтын тағы қандай оң шешімдер бар? Бұл туралы тілші баяндайды.
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық байланысқа отыз жылдан асты. Президент айтқандай «Біз – тарихы ортақ, тамыры бір бауырлас елдерміз, көшпенді халықтардың ұрпағымыз». Тараптар сан түрлі сала бойынша серіктестікке серпін беретін келісімге келді. Қазір «Алматы – Ұлан-Батыр» бағытында тұрақты рейстер бар. Көп ұзамай «Астана – Ұлан-Батыр» әуе қатынасы қайта ашылады және «Өскемен – Өлгей» бағыты да іске қосылмақ.