#qyzylordatv
Жыл басынан бері өңірде еңбек нарығында 125 заң бұзушылық дерек тіркелді. Соның ішінде ережеге енжар қараған 13 мекемеге әкімшілік іс қозғалған. Бұл туралы облыс бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Бектемір Жұмағұлов хабарлады.
Тексеруші мамандар алдымен келеңсіздіктерді түзеу үшін жұмыс беруші мекемелерге 73 нұсқама жолдапты. Алайда бұл талапты пысқырмағандар да бар. Сондықтан заң шеңберінде бірнеше кәсіпорын айыппұл арқалап отыр. Есесіне, анықталған деректер бойынша 217 жұмыскердің құқығы қорғалған. Жалпы, жыл басынан бері 600-ге жуық азаматтың арыз-шағымы қаралып, заң бұзған мекемелерге үш жарым миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Ең бастысы, өңірде кәсіпорындар тарапынан жалақы қарызы тіркелмеген. Бірақ жұртшылықтың өзге де мәселелер жөнінде шағымы артып отыр, дейді департамент басшысы.
БЕКТЕМІР ЖҰМАҒҰЛОВ – ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Былтыр 477 өтініш түссе, биыл 566 өтініш түсіп отыр. Көрсеткіш 18,6 пайызға артып отыр. Тексерулер нәтижесі былтыр 63 болса, биыл 87 тексеру жүргізілген. Мұның ішінде жосарға қойылған тексерулер де бар, сосын, жоспардан тыс тексерулер де бар. Яғни, 38 пайызға артығымен жүргізіліп отыр...