#qyzylordatv

«Айбын-2026» әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңі аяқталды. Жарысқа мектеп оқушыларынан құралған 9 команда қатысып, тоғыз түрлі сайыс бойынша сынға түсті.

 «Айбын» әскери-патриоттық жиыны жастардың бойына отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, елжанды ұрпақ тәрбиелеуге, Қазақстан Қарулы күштерінің беделін арттыруға бағытталған маңызды шара. Дәстүрлі додаға биыл облыстың барлық ауданын 120 жас сарбаз қатысып, белтемірге тартылу, әскерилендірілген эстафета, арқан тарту, АК-74 қаруын бөлшектеп-жинау, пневматикалық винтовкадан ату, арқаға жатып денені көтеру секілді сайыстарға қатысып, шеберліктерін көрсетті. Нәтижесінде жоғары ұпай жинаған Қызылорда қаласының командасы бірінші орынды жеңіп алса, аралдық өрендер екінші, жаңақорғандық оқушылар үшінші орынға ие болды. Енді 9 команданың арасынан ең үздік өнер көрсеткен сарбаздар іріктеліп, республикалық кезеңге жолдама алады.

      Айта кетейік, «Айбын-2025» жиынында облыстың намысын қорғаған қыз-жігіттер 50 команданың арасынан үздік нәтиже көрсетіп, жалпы есепте төртінші орын иеленген болатын.

 МЫҢДІЛДӘ РШАУОВ, «ҚАРУЛЫ КҮШТЕР АРДАГЕРЛЕРІ» РҚБ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Халықаралық әскери - патриоттық жиын Бурабай қаласындағы курорттық аймақта өтеді. Бұған 54 кломанда қатысады, алтауы шетелден келеді деп жоспарланып отыр. Жастардың арасынан облыстық құраманы жасақтаймыз. 15 адамнан тұратын. Халықаралық іс-шара 21-28 маусым аралығында өтеді

 ЕРСҰЛТАН БОХАН, ЖАС САРБАЗ

Арқан тартысы сайысында барлық команданы жеңдік. Жас сарбаз жарысына келгеніме өте қуаныштымын....