#qyzylordatv

Қызылордада көпқабатты үйлердің мәселесін шешуге бағытталған «TURGYNDAR AMANATY» жобасы басталды. Бұл тұрғындардың мүдделерін қорғауға, көппәтерлі үйлерді басқару жүйесін жетілдіруге және бақылауды күшейтуге бағытталған бастама.

«AMANAT» партиясының жобасын халыққа түсіндіру мақсатында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында аймақтық форум өтті. Жиында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, тиісті сала өкілдері тұрғындардың сұрағына жауап берді. Жалпы, «TURGYNDAR AMANATY» жобасының мақсаты – халыққа қолайлы, қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыру.

ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

Облыста 1,5 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үйлер бар екен. Әрине, қала жылдан жылға өсіп, жарқырап келе жатыр. бірақ аулаларда әліде модернизациядан өтуді талап ететін үйлер көп. Тұрғындар үйінен шыққан кезде жарық болса, лифт істеп тұрса, ауласы балдар ойнайтындай жабдықталып тұрса көңіл күйіде соған қатысты дұрыс боладығой. Сол себепті осы жоба халықтың кеңінен қолдауына ие болады деп ойлаймын

 Былтыр облыс орталығындағы 65 көпқабатты үй «Тұрғын үй қорын жаңғырту» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтті. Демеушілер есебінен сексенге жуық балаларға арналған ойын алаңы салынды. Енді жоба бойынша әрбір азамат тұрғын үйдің тазалығына, жөндеу жұмыстарына өздері тікелей қатысады әрі қаржының дұрыс жұмсалуын бақылай алады.

СНХ: МАРХАБАТ ЖАЙЫМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Меншік иелері өздері шешу керек қалай басқарамыз, қалай күтіп-ұстау керек, КСК жалдайма әлде ПИК- тіма. Тұрғындардың белсенділігіне көп нәрсе байланысты...

 Еліміздің барлық өңірінде «Аманат» партиясы облыстық филиалы жанынан фронт-офис құрылады. Азаматтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелер бойынша осы жерге келіп, тиісті мамандардың көмегіне жүгіне алады.