#qyzylordatv
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Harvest Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрлан Увашевті қабылдады. Кездесуде өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар жайы талқыланды.
Айта кету керек, «Harvest Agro» компаниясы 68 млрд. теңгеге техникалық қарасора, жүгері, соя өсіру және қайта өңдеуге бағытталған ірі агроиндустриялық кластер құруды қолға алған. Жоба аясында Жалағаш және Сырдария аудандарында 80 мың тонна жүгері, 42 мың тонна техникалық қарасора және 33 мың тонна соя өсіріліп, 150-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл 5 мың гектар аумаққа жүгері мен мақсары дақылы егіледі. Жоба өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып, су үнемдеу технологияларын енгізуге және экспортқа бағытталған өнім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.