#qyzylordatv

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «18 мамыр - Халықаралық музей» күніне орай ерекше акция ұйымдастырылды. Шара аясында аймақ тұрғындары үйлерінде сақталған құнды бұйымдарын мұражай қорына әкеліп табыстады. Мұндағы мақсат - ұлттық және тарихи-мәдени мұраларды көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа жеткізу.

  «Музейге сый» акциясы аясында мұражайға 150-ге жуық жәдігер әкелінді. Атап айтсақ, музей қоры соғыс ардагері, журналист Марат Когуттың жеке заттары, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Батырхан Шүкеновтің сахналық суреттері мен марапаттары, суретші Ясби Ағытаевтың шығармашылық құжаттары және қолөнер шеберлері Қарлығаш Ильясова мен Мая Қарабатырқызының ұлттық нақыштағы туындыларымен толықты. Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Құрметті спорт қайраткері, облыстық мәслихат депутаты Садық Мұстафа 2017 жылғы универсиадада өзі алып шыққан Алауын музейге сыйға тартты.

 КЕНЖЕГҮЛ ИБРАГИМОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БАС ҚОР САҚТАУШЫСЫ

Тұрғындар ата-әжелері мен үлкендерден қалған жеке заттарды музейге тапсыруға дағдыланып келеді. Сонымен қатар жергілікті қолөнер шеберлері ұлттық тұрмыс бұйымдарын жасап береді. ...

 МҮСІРӘЛІ ШҮКЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Біз музейге Батырхан Шүкеновтің медальдарын, жеке құжаттары мен фотосуреттерін сыйға тарттық. Отбасымыздың атынан музей ұжымына және Батырханның рухани мұрасын құрметтеп жүрген мәдениет қызметкерлеріне алғыс білдіремін..